Салық кезеңі (есептік тоқсан) барысында сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралар тізілімін жасау ережелері (307.00-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2004 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 625 бұйрығымен бекітілген

 

Салық кезеңі (есептік тоқсан) барысында сатып алынған тауарлар (жұмыстар,
қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралар тізілімін жасау ережелері
(307.00-нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген, Қазақстан Республикасы аумағында салық кезеңі (есепті тоқсан) барысында сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралар тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жасау тәртібін айқындайды, және оны толтыру тәртібін айқындайды.

2. Тізілім Тізілімнің өзінен (307.00-нысан) және Тізілімнің ажырамас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралар туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшадан (307.01-нысан) тұрады.

3. Тізілімді жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

4. Тізілімді беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) Салық кодексінің 69-бабы, 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес- келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеуші Тізілімді жеткізу (қабылдау) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.

5. Тізілімді және Тізілімге қосымшаны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

6. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде “-” белгісімен белгіленеді.

7. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Тізілімнің және Тізілімге қосымшаның тиісті торкөздері толтырылмайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.