Қосылған құн салығы бойынша декларацияны жасау ережелері (310.00-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2004 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 625 бұйрығымен бекітілген

 

Қосылған құн салығы бойынша декларацияны жасау
ережелері
(310.00-нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші - заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимін қолданатын қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығын дұрыс есептеуі мен уақтылы төлеуіне арналған Қосылған құн салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

2. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабының 1-тармағына сәйкес толтырылады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Декларациялардың тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде “-” белгісімен белгіленеді.

6.Декларацияны беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібімен-Декларация екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеуші Декларацияны қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.

7. 310.00 нысаны бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірілмей тоқсан сайын беріледі.

8. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі мен тәртібі Салық кодексінің 389-бабында айқындалған.

9. 310.00 нысаны бойынша Декларацияның бір қосымшасы бар.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.