«Қол қойылатын бонус бойынша декларацияны жасау Ережелері (510.00-нысан)» (ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілді) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі Салық комитеті

Төрағасының 2004 жылғы

8 желтоқсандағы № 625

бұйрығымен бекітілген

 

Қол қойылатын бонус бойынша декларацияны жасау
Ережелері (510.00-нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қол қойлатын бонусты есептеуге арналған Қол қойылатын бонус бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

2. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

3. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті ұяшығы толтырылмайды.

4. Декларацияны беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібінде Декларация екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық органына қайтарылады;

2) почта бойынша салық төлеуші тапсырысты хатпен  байланыстың почта немесе өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) келу тәртібімен электрондық түрде не электрондық почта бойынша салық төлеуші Салық кодексінің 69-бабы, 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Декларацияны қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электронды почта бойынша алады.

5. Декларацияға Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

 

2. Декларацияны жасау  (510.00-нысан)

 

6. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) Декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі.

Салық кезеңі айдың рет нөміріне сәйкес келетін араб сандарымен көрсетіледі. Егер айдың нөмірі екі белгіден кем болса, онда ол оң жақ ұяшықта көрсетіледі;

3) құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы немесе  жеке тұлғаның аты-жөні;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.