ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Салық
комитеті Төрағасының
2004 жылғы «8» желтоқсандағы
№ 625 бұйрығымен
бекітілген
Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі
жөніндегі декларацияны жасау
ережелері (530.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық-кодексі) сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеуге арналған Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі жөніндегі декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.
2. Декларация Декларацияның өзінен (530.00-нысан) және өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі жөніндегі салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшадан (530.01-530.03-нысандар) тұрады.
3. Декларацияны жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қалам не қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
4. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге, тазалауға жол берілмейді.
5. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті тор көздері толтырылмайды.
6. Қосымшаларда көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берілмейді.
7. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол тор көзінде « - » белгісімен көрсетіледі.
1) қағаз тасығышта келу тәртібінде Декларация екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен бірге салық органына қайтарылады;
2) хабарламамен қағаз тасығышта почта бойынша салық төлеуші тапсырысты хатпен байланыстың почта немесе өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) келу тәртібімен электрондық түрде немесе электрондық почта бойынша салық төлеуші Кодекстің 69-бабының 8-тармағындағы 3-тармақшаға сәйкес Декларацияны қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында не электрондық почта бойынша алады.