Өндіру бонусы бойынша Декларацияны жасау ережелері (550.00-нысан) (Салық кодексін енгізуге дейін жасалған жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары бойынша салық режимінің тұрақтылығы нормаларына сәйкес салық төлеуші жасайды) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2004 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 625 бұйрығымен бекітілген

 

Өндіру бонусы бойынша Декларацияны жасау ережелері (550.00-нысан)
(Салық кодексін енгізуге дейін жасалған жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары
бойынша салық режимінің тұрақтылығы нормаларына сәйкес салық төлеуші жасайды)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 282-бабына сәйкес әзірленген және өндіру бонусын есептеуге арналған Өндіру бонусы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

2. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

3. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті ұяшығы толтырылмайды.

4. Декларацияны беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібінде Декларация екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық органына қайтарылады;

2) почта бойынша салық төлеуші тапсырысты хатпен байланыстың почта немесе өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) келу тәртібімен электрондық түрде не электрондық почта бойынша салық төлеуші Салық кодексінің 69-бабы, 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Декларацияны қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электронды почта бойынша алады.

5. Декларацияға Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

 

2. Декларацияны жасау (550.00-нысан)

 

6. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) Декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.