Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер жөніндегі Декларацияны жасау ережелері (560.00-нысан) (Салық кодексін енгізуге дейін жасалған жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары бойынша салық режимінің тұрақтылығы нормаларына сәйкес салық төлеуші жасайды) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2004 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 625 бұйрығымен бекітілген

 

Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер жөніндегі
Декларацияны жасау ережелері (560.00-нысан)
(Салық кодексін енгізуге дейін жасалған жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары
бойынша салық режимінің тұрақтылығы нормаларына сәйкес салық төлеуші жасайды)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық-кодексі) 282-бабына сәйкес әзірленген және өндіру бонусын есептеуге арналған Өндіру бонусы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

2. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

3. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті ұяшығы толтырылмайды.

4. Декларацияны беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібінде Декларация екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық органына қайтарылады;

2) почта бойынша салық төлеуші тапсырысты хатпен байланыстың почта немесе өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) келу тәртібімен электрондық түрде не электрондық почта бойынша салық төлеуші Салық кодексінің 69-бабы, 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Декларацияны қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электронды почта бойынша алады.

5. Декларацияға Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

 

2. Декларацияны жасау (560.00-нысан)

 

6. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) Декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.