ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы «8» желтоқсандағы
№ 625 бұйрығымен
бекітілген
Жер салығы, көлік құралдары салығы және мүлік салығы
бойынша Декларацияны жасау
ережелері
(700.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 12, 13,14-бөлімдеріне сәйкес әзірленген және салық төлеушілердің жер салығын, көлік құралдары салығын және мүлік салығын есептеу мен уақтылы төлеуіне арналған Жер салығы, көлік құралдары салығы және мүлік салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.
2. Декларация Декларацияның өзінен (700.00-нысан) және жер салығы, көлік құралдары салығы және мүлік салығы ережелерімен байланысты бойынша салық салумен байланысты объектілер және салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (700.01-700.03 нысандары) тұрады.
1) қағаз тасығышта-қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;
2) электронды тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
5. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті тор көз толтырылмайды.
6. Қосымшаларда көрсетілуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымша берілмейді.
7. Қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштер көрсетіледі.
8. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы тор көзінде « - » белгісімен белгіленеді.
1) Декларация қағаз түрінде келу тәртібінде екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламамен тапсырысты хатпен салық төлеуші почта арқылы почта немесе өзгелей байланыс ұйымының хабарламасын алады;