Жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомасының есебін жасау ережелері (851.00 нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2004 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 625 бұйрығымен бекітілген

 

Жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемнің
ағымдағы төлемдер сомасының есебін жасау
ережелері

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген нысандарды енгізетін (бұдан әрі - нысандар) жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомасының есебін жасау тәртібін қарастырады:

1) 851.00 нысан бойынша жер телімдерін пайдаланғаны ұщін төлемнің ағымдағы төлемдер сомасының есебі (бұдан әрі - 851.00 нысаны бойынша есеп);

2) 851.01 нысан бойынша жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомасының есебіне қосымша (бұдан әрі - 850.01 нысаны бойынша қосымша).

2. 851.00 нысаны бойынша есеп жер телімін пайдаланғаны үшін төлемнің ағымдағы төлемдердің жалпы сомасының есебіне арналған.

851.01 нысаны бойынша қосымша әрбір жер тілімі бойынша жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомасын айқындауға арналған.

3. Салық төлеуші уақытша өтеусіз жерді пайдалану құқығында бірнеше жер телімдері бар болған жағдайда, әр жер телімі бойынша 851.01 нысаны бойынша қосымшаның жеке парағы толтырылады. Бұл ретте, уақытша өтеусіз жерді пайдалану құқығындағы жер телімдерінің саны 851.01 нысаны бойынша қосымшаның жалпы парақтарының санына сәйкес келуі керек.

Уақытша ақылы жер пайдалану құқығындағы және базар аумағына бөлініп берілген жер учаскелері бойынша 851.01 нысан бойынша қосымша сауда орындары орналасқан бөлігінде және базардың қызмет көрсету аймақтары алып жатқан бөлігінде жеке-жеке ұсынылады.

4. Нысанды жасау кезінде:

1) қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.