ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығымен бекітілген
Жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын
пайдаланғаны үшін Декларация жасау
ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген нысандарды енгізетін (бұдан әрі-нысандар) жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша Декларация жасау тәртібін қарастырады:
1) 860.00 нысан бойынша жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша Декларация (бұдан әрі - 860.00 нысаны бойынша Декларация);
2) 860.01 нысан бойынша жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша Декларацияға қосымша (бұдан әрі - 860.01 нысаны бойынша қосымша).
2. 860.00 нысаны бойынша Декларация жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемнің жалпы сомасынан мәлімдеуге арналған.
860.01 нысаны бойынша қосымша арнайы су пайдаланудың әрбір түрі бойынша жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем сомасын айқындауға арналған.
3. Арнайы су пайдаланудың бірнеше түрлерін жүзеге асыру кезінде арнайы су пайдаланудың әрбір түрі бойынша 860.01 нысаны бойынша қосымшаның жеке парағы толтырылады. Бұл ретте, 860.01 нысаны бойынша қосымшаның жалпы парақтарының саны арнайы су пайдалану түрлерінің санына сәйкес келуі керек.
1) қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
5. Нысандарды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, өшіруге жол берілмейді.
6. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті тор көздері толтырылмайды.
7. Қосымшаларда көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда 860.00 нысан бойынша Декларация аталған қосымшаларсыз ұсынылады.