Қоршаған ортаның ластануы үшін төлем бойынша Декларация жасаудың ережесі (870.00 нысаны) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2004 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 625 бұйрығымен бекітілген

 

Қоршаған ортаның ластануы үшін
төлем бойынша Декларация жасаудың
ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген нысандарды (бұдан әрі-нысан) енгізетін қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем бойынша Декларация жасау тәртібін қарастырады:

1) 870.00 нысаны бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем бойынша Декларация (бұдан әрі - 870.00 нысаны бойынша Декларация);

2) 870.01 нысан бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем бойынша Декларацияға қосымша (бұдан әрі - 870.01 нысаны бойынша қосымша).

2. 870.00 нысаны бойынша Декларация қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемнің үшін төлемнің жалпы сомасын мәлімдеуге арналған.

870.01 нысан бойынша қосымша рұқсаттық құжатта көрсетілген ластағыш заттың әрбір түрі бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем сомасын айқындауға арналған.

3. Егер салық төлеуші арнайы табиғат пайдаланудың бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда рұқсаттық құжатта көрсетілген ластағыш заттың әрбір түрі бойынша 870.01 нысан бойынша қосымшаның жеке парағы толтырылады.

4. Нысанды жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

5. Нысандарды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, өшіруге жол берілмейді.

6. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті торкөздері толтырылмайды.

7. Қосымшаларда көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда 870.00 нысан бойынша Декларация аталған қосымшаларсыз ұсынылады.

8. Нысандарды беру кезінде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.