Қоршаған ортаның ластануы үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомалары есебін жасау ережесі (871.00 нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің Салық комитеті

Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 625 бұйрығымен бекітілген

 

Қоршаған ортаның ластануы үшін төлемнің
ағымдағы төлемдер сомалары есебін жасау
ережесі
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген нысандарды қамтитын (бұдан әрі - нысандар) қоршаған ортаның ластануы үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомалары есебін жасау тәртібін қарастырады:

1) 871.00 нысан бойынша қоршаған ортаның ластануы үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомалары есебі (бұдан әрі - 871.00 нысаны бойынша есеп);

2) 871.01 нысан бойынша қоршаған ортаның ластануы үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомалары есебіне қосымша (бұдан әрі - 871.01 нысаны бойынша қосымша).

2. 871.00 нысаны бойынша қоршаған ортаның ластануы үшін төлемнің ағымдағы төлемдерінің жалпы сомасын айқындауға арналған.

871.01 нысан бойынша қосымша рұқсаттық құжатта көрсетілген ластағыш заттың әрбір түрі бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем сомасын айқындауға арналған.

3. Егер салық төлеуші арнайы табиғат пайдаланудың бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда рұқсаттық құжатта көрсетілген ластағыш заттың әрбір түрі бойынша 870.01 нысан бойынша қосымшаның жеке парағы толтырылады.

4. Нысанды жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

5. Нысандарды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, өшіруге жол берілмейді.

6. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті торкөздері толтырылмайды.

7. Қосымшаларда көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда 871.01 нысан бойынша есеп аталған қосымшаларсыз ұсынылады.

8. Нысандарды беру кезінде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.