Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларация жасау ережелері (880.00 нысаны) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің Салық комитеті

Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 625 бұйрығымен бекітілген

 

Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем
бойынша декларация жасау
ережелері
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген нысандарды (бұдан әрі - нысан) енгізетін радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем бойынша Декларация жасау тәртібін қарастырады:

1) 880.00 нысаны бойынша радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем бойынша Декларация (бұдан әрі - 880.00 нысан бойынша Декларация);

2) 880.01 нысаны бойынша радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларацияға қосымша (бұдан әрі - 880.01 нысан бойынша қосымша).

2. 880.00 нысаны бойынша декларация радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемнің жалпы сомасын мәлімдеуге арналған.

880.01 нысаны бойынша қосымша әрбір радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттық құжат бойынша радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем сомасын айқындауға арналған.

3. Әртүрлі ставкалар бойынша есептелетін радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем салық төлеушіде радиобайланыстың әртүрлі түрлеріне радиожиілік спектрін пайдалануға бірнеше рұқсаттық құжат болған жағдайда 880.01 нысаны бойынша қосымшаның жеке парағы толтырылады. Бұл ретте, 880.01 нысаны бойынша қосымшаның жалпы парақтарының саны радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттық құжаттардың санына сәйкес келуі керек.

4. Нысанды жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

5. Нысандарды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, өшіруге жол берілмейді.

6. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті тор көздері толтырылмайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.