Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлем жөніндегі декларацияны толтыру ережелері (890.00 нысаны) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің Салық комитеті

Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 625 бұйрығымен бекітілген

 

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын
ұсынғаны үшін төлем жөніндегі декларацияны толтыру
ережелері
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген нысандардан (бұдан әрі-нысандар) тұратын Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлем жөніндегі декларацияны толтыру тәртібін көздейді:

1) 890.00 нысаны бойынша Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлем жөніндегі декларация (бұдан әрі - 890.00 нысаны бойынша декларация);

2) 890.01 нысаны бойынша Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлем жөніндегі декларацияға қосымша (бұдан әрі - 890.01 нысаны бойынша қосымша).

2. 890.00 нысаны бойынша декларация қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің жалпы сомаларын мәлімдеуге арналған.

890.01 нысаны бойынша қосымша қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің сомаларын айқындауға арналған.

3. Нысанды толтыру кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

4. Нысандарды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, өшіруге жол берілмейді.

5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті тор көздері толтырылмайды.

6. Нысандарды беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібімен - нысандар екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) тапсырысты хатпен қағаз тасығышта хабарламамен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.