Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомаларының есебін жасау ережелері (891.00 нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің Салық комитеті

Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 625 бұйрығымен бекітілген

 

Қалааралық және (немесе) халықаралық
телефон байланысын ұсынғаны үшін
төлемнің ағымдағы төлемдер сомаларының
есебін жасау ережелері
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген нысандарды енгізетін (бұдан әрі - нысандар) Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомаларының есебін жасау тәртібін қарастырады:

1) 891.00 нысан бойынша Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомаларының есебі (бұдан әрі - 891.00 нысан бойынша есеп);

2) 891.01 нысан бойынша Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомалары есебіне қосымша (бұдан әрі - 891.01 нысан бойынша қосымша).

2. 891.00 нысаны бойынша есеп қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлем ағымдағы төлемдерінің жалпы сомаларын айқындауға арналған.

891.01 нысаны бойынша қосымша қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомаларын айқындауға арналған.

3. Нысанды жасау кезінде:

1) қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

4. Нысандарды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, өшіруге жол берілмейді.

5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті тор көздері толтырылмайды.

6. Нысандарды беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібімен - нысандар екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.