Тіркелген жиынтық салықпен салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш жасау ережелері (942.00-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің Салық комитеті

Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 625 бұйрығымен бекітілген

 

Тіркелген жиынтық салықпен салық салу объектілерін және
салық салумен байланысты объектілерді тіркеуге
 (қайта тіркеуге) өтініш жасау
ережелері
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса беріліп отырған нысандарды қоса (бұдан әрі - нысандар) тіркелген жиынтық салықпен салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш жасаудың тәртібін көздейді:

1) 942.00-нысан бойынша тіркелген жиынтық салықпен салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш (бұдан әрі - 942.00-нысан бойынша өтініш);

2) 942.01-нысан бойынша тіркелген жиынтық салықпен салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтінішке қосымша (бұдан әрі - 942.01-нысан бойынша қосымша);

3) 942.01-нысан бойынша қосымшалардың 942.01.011, 942.01.012 жолдарына қосымша нысан;

4) 942.01-нысан бойынша қосымшалардың 942.01.013, 942.01.014 жолдарына қосымша нысан.

2. 942.00-нысан бойынша өтініш кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимін қолдану кезінде тіркелген жиынтық салықпен салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеу үшін (қайта тіркеу) арналған.

942.01-нысан бойынша қосымша нысан нақты ойын орындары (тұрақты нүктелері) бойынша тіркелген жиынтық салықпен салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерін тіркеу үшін (қайта тіркеу) арналған.

942.01-нысан бойынша қосымша 942.01.011-ден 942.01.014-ке дейінгі жолдарға қосымша нысандар жер учаскелері және жылжымайтын мүліктер туралы мәліметтерді көрсетуге және ол мәліметтерді көрсетілген жолдарда толық көлемде көрсету мүмкін емес жағдайларда толтырылады. Бұл жағдайда 942.01-нысан бойынша қосымша 942.01.011-ден 942.01.014-ке дейінгі жолдарға қосымша парақтардың қажет саны толтырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.