№ 2520 болып тіркелген «Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 28 тамыздағы № 347 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 желтоқсандағы № 659 бұйрығы (күші жойылды)

№ 2520 болып тіркелген «Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы
жарналарының сомасы туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 28 тамыздағы № 347 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 желтоқсандағы № 659 бұйрығы

 

 ҚР Үкіметінің 2005.22.09. № 428 қаулысымен күші жойылды

 

«Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы  15 наурыздағы № 245 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 28 тамыздағы № 347 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2001 жылы 13 желтоқсанда № 1696 болып тіркелген, «Ресми газетте» 2003 ж. 8 қазанда жарияланған, № 45 (150)) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (А.М. Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.

 

Төраға

М. Ысқақов

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

200_ жылғы «23» желтоқсандағы № 659

бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2003 жылғы 28 тамыздағы № ___

бұйрығымен бекітілген

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.