Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы № 321 қаулысы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енеді.
3. Сақтандыру рыногының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылғандығын тану туралы хабарламаны жіберсін;
2) осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және актуарийлерге жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны ресми баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсін.
Төраға | Б. Жәмішев |