Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігігінің «Мемлекеттік кәсіпорындарға және мемлекеттің акциялар пакеті немесе үлесі бар кәсіпорындарға мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшылары болуға рұқсат беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 1997 жылғы 26 қыркүйектегі № 7-П бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы № 337 қаулысы
Нормативтік құқықтық актілерді "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын жэне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі — Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: