«Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 173 қаулысы (2007.30.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

“Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың ай
сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы
нұсқаулықты бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 173 қаулысы

(2007.30.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 мамырдағы № 49 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы № 179 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2394 тіркелген, 2003 жылғы 12-27 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.