Қазақстан Республикасының ормандарындағы санитарлық ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының
2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 265 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 25-2-02/70 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 67-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ормандарындағы санитарлық ережелер бекітілсін.
2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 1999 жылы 19 сәуірде № 736 болып тіркелген «Қазақстан Республикасындағы ормандарды зиянкестерден және аурулардан қорғау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 1999 жылғы 19 наурыздағы № 56 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу мен бақылау басқармасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге жіберсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға |
|
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті төрағасының
2004 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 265 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ормандарындағы
санитарлық ережелер
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының ормандарындағы санитарлық ережелер (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес әзірленді.