Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының
2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 268 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 25-2-02/71 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Орман кодексі 63-бабына және «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесі бекітілсін.
2. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу мен бақылау басқармасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
3. «Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы комитетінің 1996 жылғы 13 шілдедегі бұйрығы (нөмірсіз) күшін жойды деп есептелсін (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 197-нөмірмен тіркелген).
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға | Е. Келемсейіт |
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар жөніндегі
Бірінші Вице-Министрі
2004 жыл 15 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті төрағасының
2004 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 268 бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер