«Кеме капитанын аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы № 18-І бұйрығы (күші жойылды)

Кеме капитанын аттестаттау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы № 18-І бұйрығы

 

ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен күші жойылды

 

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Кеме капитанын аттестаттау ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.Ж. Қошановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр

Қ. Нағманов

 

Көлік және коммуникация

министрінің

2005 жылғы 10 қаңтардағы

№ 18-І бұйрығымен

бекітілген

 

Кеме капитанын аттестаттау

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Кеме капитанын аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) кеме капитанын аттестаттауды өткізу тәртібін белгілейді және Қазақстан Республикасының «Ішкі су көлігі туралы» Заңына сәйкес әзірленді.

2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1) кеме капитанын аттестаттау - кеменi басқару, оның iшiнде кеме жүргiзу, кеменiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету, кемедегi тәртiптi сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кемеге, кемедегi адамдарға, багажға және жүкке зиян келтiрiлуiн болдырмау жөнiндегі шараларды қабылдауға қажетті кеме капитанының білім деңгейін айқындау жөнінде мезгіл-мезгіл жүзеге асырылатын рәсім;

2) әуе көлігін қоспағанда, көлiктегі мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.