«Жануарлардың жұқпалы ауруларын алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың Ветеринариялық ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 758 бұйрығы (күші жойылды)

Жануарлардың жұқпалы ауруларын алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың Ветеринариялық ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 758 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 26 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қосымшалар бекітілсін:

1) қой мен ешкінің секіртпе ауруын алдын алу және жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру туралы Ветеринариялық ереже;

2) қой мен ешкінің контагиозды пустулалы дерматит ауруын алдын-алу және жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру туралы Ветеринариялық ереже;

3) қой мен ешкінің жұқпалы энтеротоксемия ауруын алдын-алу және жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру туралы Ветеринариялық ереже.

2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық басқармалары Ветеринария департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын қажетті шаралар қабылдансын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ветеринария департаментінің директоры А.Ә. Қожамұратовқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр 

С.А. Үмбетов

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2004 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 758 бұйрығымен бекітілген

 

Қой мен ешкінің секіртпе ауруын алдын-алу

және жою жөніндегі шараларды іске асырудың

Ветеринариялық ережесі

 

Осы Ветеринариялық ереже (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде секіртпе ауруын алдын-алу және жою жөніндегі шараларды іске асырудың ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.