«2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі) (Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 Қаулысына 54-60 қосымшалар ) (ҚР Үкіметінің 2005.25.05. 509 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Республикалық жедел-құтқару отрядының, әскери бөлiмдердiң, өңiрлiк аэромобильдi жедел-құтқару отрядтарының Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тұрақты әзiрлігін қамтамасыз ету, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты дер кезiнде және сапалы өңдеу, ұдайы әзiрлiктегi күштер мен құралдарды және төтенше жағдайларды жою құралдарын тұрақты және үздiксiз басқаруды қамтамасыз ету. Алматы облысының халқын, шаруашылық жүргізушi объектілерін және жерлерiн сенiмдi қорғауды қамтамасыз ету, қорғану құрылыстарын пайдалану жағдайында ұстау; 1) Ким-Асар су лақтырғыш трактын жөндеу; Мохнатка тауындағы қар тұтқыш жарларды жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары, Есентай өзенi бойында жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу; гидрологиялық посттар мен бас диспетчерлiк пунктті жөндеу; 2) Үлкен Алматы өзенiнде селден қорғау көлемi 14,5 млн.м3 сел бөгетi, соның iшiнде: Yлкен Алматы өзенiнде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, бөгет пен суағарларды тазалау, өзеннiң тұрақты ағуы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргiзу; 3) Қаскелең өзенi арнасын тұрақтандыру бойынша жөндеу жұмыстары; қар суларын өткiзiп жiберу; мұзарт көлдердi ағызып жiберу; 4) Есiк өзеніндегі № 1, 2, 3, 5 төменгi қысымдағы сел бөгеттерiн жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары; Төменгi Көлсай көліндегі құрылыстарды жөндеу; 5) Барахудзир өзенiнде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жалғастыру; Текелi өзеніндегі қар көшкiнiн реттегiштiң қасбетiн тазалау; Текелi қаласындағы арналарды тазалау; Сарқан өзеніндегі су қабылдағыш бөгеттердi тазалау; тор көздi сел тұтқышты жөндеу; Капал ауылындағы қорғаныш тоспа мен су тоғанын қайта қалпына келтiру; 6) Шығыс Қазақстан облысында Ертіс өзенiнiң жағалауларын берiктендiру бойынша жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары; Қарауыл тоспасында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары; Семей қаласынан өтетiн 3053 м. ұзындығында жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары; қар суларынан қорғау шаралары; Зырьяновск қаласының қар көшкiнiнен қорғау құрылғыларын жөндеу; Қатон Қарағайдың қар көшкiнiнен қорғау құрылғыларын жөндеу; Зубовская тауындағы көшкiнге қарсы құрылыстарды жөндеу; 7) Оңтүстiк Қазақстан облысында Бадам өзенiнiң бойында жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары, ұзындығы 2200 м. тоспа, дүлей зiлзаланың, аварияның, апаттың зардаптарын жою мақсатында автомобиль техникасымен, жабдықтармен, құрал-саймандармен жарақтандыру және зардап шеккендерге шұғыл жәрдем көрсету. Республикалық жедел-құтқару отрядын болашақта дамыту, автокөлiктi, химияға қарсы және сүңгуiр құралдарын, арнайы құрал-саймандарды, радиобайланысын және медициналық тренажерларды жедел режимде (тұрақты әзiрлiкте) ұстау, әскери бөлімдердің тұрақты қызметi, дүлей зiлзаланың аварияның, апаттың зардаптарын жою мақсатында өңiрлiк аэромобильдi жедел-құтқару, отрядтарын авариялық-құтқару, автомобиль техникасымен, жабдықтармен, құрал-саймандармен жарақтандыру, халықты сенiмдi қорғауды қамтамасыз ету. Төтенше жағдайлар кезiнде зардап шегушiлердiң санын азайту, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде жедел қимылдау үшiн тiкұшақтарды ұшу жарамдылығы мен техникалық пайдалану жағдайында ұстау. Зардап шеккен халық үшiн тiршiлiкпен қамтамасыз ету құралдарының жедел резервiн құру, бұл төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықты тiршiлiкпен қамтамасыз ету жеделдiлiгiн арттырады.

 

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

56-қосымша

 

202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

 

2005 жылға арналған

"Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу

мен қайта жаңарту"

деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 483400 мың теңге (төрт жүз сексен үш миллион төрт жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексi, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы 2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдiк жоспары туралы" 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңын iске асыру туралы" 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы облыстарындағы елдi мекендердiң және ауыл шаруашылығы объектілерін, автомобиль, су магистралдарының сел қауiпсiздiгін, селден қорғауды қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Алматы облысы халқын, ауыл шаруашылығы объектілерін, автомобиль, су магистралдарын селден қорғау үшiн Талғар өзенiнде сел тұтқыш бөгеттiң құрылысын салуды аяқтау және табиғи ландшафты сақтау.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Талғар өзеніндегі сел тұтқыш бөгеттi пайдалануға енгізу (жобаның сметалық құнының 100%-ын құрайды).

 

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

57-қосымша

 

202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

 

2005 жылға арналған

"Өрт қауiпсiздiгi саласында сынақтарды талдау және жүргізу"

деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 8071 мың теңге (сегiз миллион жетпiс бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізі: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексi; "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; 2004 жылғы 2 желтоқсандағы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi болып табылмайтын қызметкерлерiне және қазынашылық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы қолданылатын нормативтiк құжаттармен үйлесiмдiлiкті ескере отырып мемлекеттік, мемлекетаралық, салалық стандарттарды, техникалық шарттарды, құрылыс нормалары мен ережелерiн әзiрлеу, өрт қауiпсiздiгі саласындағы ғылыми-техникалық және нормативтiк-құқықтық базаны дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: 1) Өрт қауiптi материалдар мен дайын өнiмнiң көрсеткiштерiн анықтау бойынша;

өрт сөндiргiш құрамдар мен оттан қорғайтын материалдардың сапасына;

өрттердi тауып алу мен сөндiрудiң техникалық құралдарына;

өрт сөндiрушiлер мен құтқарушылардың қорғаныш құралдарын, сондай-ақ, шаруашылық жүргiзу объектілерінде де, авариялық құтқару және өpтке қарсы құрылымдарда да қолданылатын техниканың сынақтары мен зерттеулерiн өткізу;

2) өрт сөндiру автоматикасы мен жабдықтардың, өрт сөндiру заттары мен оттан қорғаныш материалдарды, техникалық құралдарын жобалауға, монтаждауға және пайдалануға нормативтiк құжаттарды (мемлекеттік стандарттарды, әдiстемелiк ұсынбаларды) әзiрлеу, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгі саласындағы қолданыстағы халықаралық стандарттармен үйлестiрудi ескере отырып оларды сынаудың әдiстерiн анықтау;

3) өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру және дамыту.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының мынадай Мемлекеттік стандарттарын жасау және бекіту:

1. "Өрт сөндiрушiнiң жауынгерлiк киімi. Жалпы техникалық талаптар. Сынақтар әдiстерi".

2. "Ажыратқыш типтi өрт сөндiрушiнiң арнаулы қорғаныш киімi. Жалпы техникалық талаптар. Сынақтар әдiстерi".

3. "Жоғарғы жылу әсерлерге өрт сөндiрушiнiң арнаулы қорғаныш киімi. Жалпы техникалық талаптар. Сынақтар әдiстерi".

4. "Жеңдiк құтқару құрылғылары. Жалпы техникалық шарттары".

5. "Өрт сөндiру арқандық-түсiру құрылғылары. Өрт қауiпсiздігінiң жалпы техникалық талаптары. Сынақтар әдiстерi".

6. "Газды өрт хабарлағыштары. Жалпы техникалық шарттар".

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 57-1-қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

57-1-қосымша

 

202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

 

2005 жылға арналған

005 "Көшкiнге қарсы және жардың құлауына қарсы

қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн Алматы қаласының

бюджетiн дамытуға арналған нысаналы трансферттер"

республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 500000 мың теңге (бес жүз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 26 тамыздағы "Республиканың сейсмикалық қауiптi өңiрлерiндегі қиратушы жер сiлкiнiстерiнiң шығынын төмендету жөніндегі шаралар туралы" № 1286 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесiн жетілдiрудiң басым бағыттарын iске асыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндетi: Алматы қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ескертпелi шараларын, Көктөбе тауында жардың құлауына қарсы, "Есентай" өзенінің арнасын тұрақтандыру "Дамба" су бөлуiн жөндеу iс-шараларын жүргiзу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары*:

____________________________________________________________________

 N |Бағ-|Кiшi |Бағдарлама-|   Бағдарламаны     | Іске  |   Жауапты

   |дар-|бағ- | ның (кіші |(кіші бағдарламаны) | асыру |орындаушылар

   |ла- |дар- |бағдарлама-|іске асыру жөніндегі|мерзімі|

   |ма- |лама-|ның) атауы |     іс-шаралар     |       |

   |ның |ның  |           |                    |       |

   |коды|коды |           |                    |       |

___|____|_____|___________|____________________|_______|____________

 1 |  2 |  3  |     4     |          5         |   6   |     7