Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шекара мәселелері бойынша ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Шарт
(2004 жылғы 9 қаңтар, Астана қ.)
ҚР Президентінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 1411 Жарлығымен бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек беру туралы 1992 жылғы 25 мамырдағы шартқа және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы шекараны бірлесіп күшейту туралы 1995 жылғы 30 маусымдағы шартқа өз жолын үстағандығын растай отырьш,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартты тезірек жасауға ұмтылғанын растай отырып,
аталған шартты жасағанға дейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мен Ресей Кеңестік Федеративті Социалистік Республикасы арасындағы әкімшілік аумақтық шекараны Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы деп түсінумен,
хальтқаралық терроризмге қарсы әрекет ету және Қазақстан-Ресей шекарасында құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу мақсатында ынтымақтастық және өзара іс-қимылды жетілдіру қажеттілігін ескере отырып,
Қазақстан‑Ресей мемлекеттік шекарасыңдағы кұқық тәртібін қамтамасыз етуде күш‑жігерді біріктіру қажеттігін тани отырып, төмендегілер туралы уағдалысты:
Тараптар өзара мүдделерін ескере отыръш және өздерінің ұлттык заңнамасына сәйкес мына салаларда:
Қазақстан‑Ресей мемлекеттік шекарасын күзетуде;
Қазақстан‑Ресей мемлекеттік шекарасьшда қүқыққа қарсы іс‑әрекеттерді анықтау, алдын алу, жолын кесу және ашуда;
терроризммен және қару-жарақ, оқ‑дәрі, жарылғыш құрылғылар, жарылғыш және улы заттар, радиоактивті материалдар, есірткі құралдар, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары контрабандасымен күресте;
заңсыз көші-қонмен күресте;
трансұлттық қылмыстың басқа да түрлерімен күресте ынтымақтастықты және өзара іс‑қимылды жүзеге асырады.