Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруын (Тешен ауруы) алдын алдын-алу және жою бойынша іс-шараларды жүргізудің Ветеринариялық ережесі (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы № 7 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы Министрінің

2005 жылғы 10 қаңтардағы

№ 7 бұйрығымен бекітілген

 

Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруын (Тешен ауруы) алдын алдын-алу және жою бойынша
іс-шараларды жүргізудің Ветеринариялық
ережесі

 

Осы Ветеринариялық ереже, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруын (Тешен ауруы) алдын алу және жою шаралары туралы Ветеринариялық ереже (әрі қарай - Ветеринариялық ереже) ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.

 

1. Жалпы ереже

 

1. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруы, (Тешен ауруы, шошқаның полиомиолиті) - жүріс-тұрыстың бұзылуымен, аяқтарының жансыздануының өршуімен сипатталатын, вирустық ауру.

2. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруының қоздырушысы - құрамында рибонуклеин қышқылы бар, вирустың Picornavirdае тұқымды.

Вирус ыстыққа біршама төзімді, көптеген дезинфекциялық заттарға төзімді және сыртқы ортада көпке дейін сақталады. Қатырылған күйінде ол бірнеше жылдарға дейін сақталады, ал тұздалған етте, қида және инфекцияланған бөлмелерде 6-8 аптаға дейін сақталады.

3. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруына табиғи жағдайда тек қана сүт еметін және сүттен жаңа арылған торайлар бейім келеді.

4. Ауру қоздырушысының бастауы болып ауру және вирусты сілекеймен, сорамен және зәрімен шығаратын аурудан жазылған вирустасымалдаушы шошқалар болып табылады. Вирусты бірін-біріне беретін факторларға - өлекселер, ауру және ауырған шошқалардың сойғаннан кейінгі өнімдері, инфекцияланған жем-шөп, су, төсеніш, күту құрал-саймандар, арнайы киімдер жатады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.