“Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкi арасындағы "Тағам өнiмдерiн тұрақты фортификациялау" жобасын iске асыру үшін грант беру туралы келісім-хатқа қол қою туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 150 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкi арасындағы "Тағам өнiмдерiн тұрақты фортификациялау" жобасын iске асыру үшiн грант беру туралы келісім-хаттың (бұдан әрi - Келісім-хат) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Келісім-хатқа қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |