Шошқаның атрофиялық ринитін алдын-алу және жою бойынша Ветеринарлық ережесі (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 65 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылық министрінің

2005 жылғы 24 қаңтардағы № 65

бұйрығымен бекітілген

 

Шошқаның атрофиялық ринитiн алдын-алу
және жою бойынша Ветеринарлық ережесi

 

Шошқаның атрофиялық ринитiн алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргiзудiң ветеринарлық ережесi (кейiн - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттi түрде ветеринарлық шараларды мiндеттi түрде ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Шошқаның атрофиялық ринитi - шошқалардың жұқпалы ауруы, ауру торайлардың танау маңайындағы қойнаулардың, өкпенiң, ортаңғы және iшкi құлақтың, ми қабатының асқынуымен сипатталады, оған жас және үлкен шошқалар шалдығады. Көбiнесе ауруға торайлар бейiм келедi, оларға туғаннан бастап 3-4 айлық жасына дейiн жұғады.

2. Дерттің қоздырушы - Bordetella bronchiseptica - жылжымайтын спорамен, қабықша құрамайтын, көлемi орташа (0,4-0,5; 1,5-2,5 микрометр) граммтерiс таяқша.

3. Шошқаның атрофиялық ринитiне диагнозды қоярда клиникалық-iндеттiк мәлiметтерге және керек жағдайда патогистологиялық зерттеулерге сүйенедi. Диагнозды дәлелдеу үшiн мiндеттi түрде 3-4 ауру немесе ауруға күмәндi торайларды сояды, кейiн бас сүйегiн аралап танау қуысын қарайды.

 

2. Шошқаның инфекциялық атрофиялық ринитiн

ветеринарлы-санитарлық таза аймақтарда

өткiзiлетiн алдын-алу шаралары

 

4. Шошқаның жұқпалы атрофиялық ринитiнiң алдын-алуы келесiге негiзделген:

1) шаруашылық қожалығын инфекцияның енуiнен сақтау, шошқаларды азықтандырғанда және баққанда жалпы ветеринариялық-санитарлық және зоогигиеналық талаптарды орындайды;

2) ветеринариялық куәлiкпен бекітілген инфекциялық атрофиялық ринитiн ветиринарлы-санитарлы таза аймақтардағы сау шаруашылық қожалықтарынан әкелiп шошқалардың тобын құрады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.