“Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жүйесі бойынша 2005 жылға арналған
республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі шаралар туралы”
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2005 жылғы 15 қаңтардағы
№ 6 бұйрығы
«2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңын, «2005 жылға арналған республикалық бюжет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы №1289 қаулысын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жүйесі бойынша 2005 жылға арналған республикалық бюджетті тиімді орындау мақсатында, бұйырамын:
1. Құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары республикалық бюджет бағдарламаларын іске асыру, бюджет қаражаттарын толық, мақсатты және уақытылы игеру, дебиторлық және кредиторлық берешекті болдырмау бойынша пәрменді шаралар қабылдасын.