«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары»(2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 Қаулысына 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70 (өте құпия), 71-қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекара сызығын, сондай-ақ Каспий теңiзi табанының аражiгiн ажыратудың орта сызығын, олардың сипаттамасын топографиялық карталарға түсiру, трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау мәселелерiн реттеу, қол жеткiзiлген уағдаластыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Түркiменстанмен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекара сызығын жергiлiктi жерлерде шекаралық белгiлермен бекітудi аяқтау және Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарын жасау.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

66-қосымша

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

 

2005 жылға арналған

"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі

объектілерін салу және қайта жаңарту"

деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 283000 мың теңге (екi жүз сексен үш миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексi, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 жылға дейiнгі кезеңге арналған "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 574 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдiк жоспары туралы" № 917 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметiн қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласындағы дипломатиялық қалашықтың инфрақұрылымын дамыту.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

____________________________________________________________________
 N |Бағ.|Кiшi |   Кіші    |   Бағдарламаны   | Іске  |   Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.|    іске асыру    | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. |  лардың   |    жөніндегі     |мерзімі|
ны |коды|лама |  атауы    |    іс-шаралар    |       |
   |    |коды |           |                  |       |
____________________________________________________________________
 1 |  2 |  3  |     4     |         5        |   6   |      7
____________________________________________________________________
1   004       Қазақстан    Бекiтілген ҚЖҚ-на    жыл   Қазақстан
              Республика-  сәйкес Дипломатия-   iшiн- Республикасы-
              сы Сыртқы    лық қалашықтың       де    ның Сыртқы
              iстер        инженерлiк желiлерi        iстер
              министрлігі  мен инфрақұрылымын         министрлігі
              объектілерін салуға арналған
              салу және    шығындар (II
              қайта        кезекте).
              жаңарту
____________________________________________________________________

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Дипломатиялық қалашықты инженерлiк желiлермен қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

67-қосымша

 

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

 

2005 жылға арналған

"Шетелдiк iссапарлар"

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 695429 мың теңге (алты жүз тоқсан бес миллион төрт жүз жиырма тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 сәуірдегі "Республикалық бюджетте "Шетелдiк iссапарлар" 041 бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi туралы" № 410 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 ақпандағы "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен шетелдiк iссапарларға арналған валюталық қаражатты жұмсауды ретке келтiру жөніндегі шаралар туралы" № 148 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 және 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 152 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 3 қарашадағы "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгізу туралы" № 1140 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 20 қазандағы "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" № 1080 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының шетелдiк сапарларына байланысты iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік лауазымды адамдарының шетелдiк iссапарларға жіберілетін шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

____________________________________________________________________
 N |Бағ.|Кiшi |   Кіші    |   Бағдарламаны   | Іске  |   Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.|    іске асыру    | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. |  лардың   |    жөніндегі     |мерзімі|
ны |коды|лама |  атауы    |    іс-шаралар    |       |
   |    |коды |           |                  |       |
____________________________________________________________________
 1 |  2 |  3  |     4     |         5        |   6   |      7
____________________________________________________________________
1   005       Шетелдiк     Мемлекеттік орган-   жыл   Қазақстан
              iссапарлар   дардың лауазымды     iшiн- Республикасы-
                           адамдарын шетелге    де    ның Сыртқы
                           iссапарға жiберуге         істер
                           байланысты шығыстар-       министрлігі
                           ға ақы төлеу және
                           өтемақысы, сондай-
                           ақ Қазақстан
                           Республикасы делега-
                           циясын шетелге
                           шыққанда басқаратын
                           Қазақстан Республи-
                           касының ?кімет мүше-
                           лерi үшiн арнаулы
                           рейстерге ақы төлеу.
____________________________________________________________________

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: шет мемлекеттермен достық қатынастар орнату, ұстау және дамыту, сондай-ақ сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастарды дамыту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен үкіметтік делегациялардың шетелдерде тиісті деңгейде баруын қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

68-қосымша

 

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

 

2005 жылға арналған

"Өкiлдiк шығындар"

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 280935 мың теңге (екі жүз сексен миллион тоғыз жүз отыз бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 16 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" № 173 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы "Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi мен өкiлдiк шығындардың нормаларын бекіту туралы" № 281 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 және 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 152 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 20 қазандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 281 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ресми делегациялардың, соның iшiнде шетелдiк делегациялардың қатысуымен өкiлдiк iс-шараларды (кеңестер, семинарлар, салтанатты жиындар және т.б.) өткізудi қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасында ресми делегациялардың, соның iшiнде шетелдiк делегациялардың қатысуымен, кеңестер мен семинарлар, салтанатты және өзге де өкiлдiк iс-шараларды өткізудi қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, Мемлекеттік хатшысының және Сыртқы iстер министрінің шетелдiк сапарлары кезіндегі өкiлдiк шығындары.

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

____________________________________________________________________
 N |Бағ.|Кiшi |   Кіші    |   Бағдарламаны   | Іске  |   Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.|    іске асыру    | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. |  лардың   |    жөніндегі     |мерзімі|
ны |коды|лама |  атауы    |    іс-шаралар    |       |
   |    |коды |           |                  |       |
____________________________________________________________________
 1 |  2 |  3  |     4     |         5        |   6   |      7
____________________________________________________________________
1   006       Өкiлдiк      Ресми делегация-     жыл   Қазақстан
              шығындар     ларды, соның         iшiн- Республикасы-
                           iшiнде шетелдiк      де    ның Сыртқы
                           делегацияларды             iстер
                           қабылдауға байланыс-       министрлігі
                           ты өкiлдiк iс-шара-
                           ларды (кеңестер,
                           семинарлар, салта-
                           натты жиындар,
                           конгресстер және
                           т.б.) өткізу бойынша
                           өкiлдiк шығындарды
                           қамтамасыз ету және
                           өтемақы төлеу,
                           сондай-ақ Қазақстан
                           Республикасы Прези-
                           дентiнiң, Премьер-
                           Министрінің, Мемле-
                           кеттiк хатшысының
                           және Сыртқы iстер
                           министрінің шетелдiк
                           сапарлары кезіндегі
                           өкiлдiк шығындар.

                           Қазақстан 

                           Республикасының 

                           Конституциясы 

                           қабылдануының 

                           10 жылдығын 

                           мерекелеуге және 

                           Азия Қоғамының 

                           Халықаралық Бизнес 

                           Конференциясын 

                           дайындауға және 

                           өткізуге байланысты 

                           шығыстар.

____________________________________________________________________

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: iс-шараларды келетiн делегациялардың мәртебесіне сәйкес тиісті деңгейде өткізу және достық қарым-қатынастарды қолдау, сыртқы саяси ынтымақтастықты нығайту.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

69-ҚОСЫМША

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

 

2005 жылға арналған

"Дипломатиялық қызмет органдары үшiн мемлекеттік

қызметшiлердi қайта даярлау"

деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 25145 мың теңге (жиырма бес миллион бір жүз қырық бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзі: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексi, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 10 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Дипломатиялық академиясын құру туралы" № 1102 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық университетi" мен "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң "Дипломатиялық академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" № 1589 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дипломатиялық қызмет органдарын халықаралық қатынастар саласындағы жоғары біліктi мамандармен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiнiң халықаралық қатынастар саласындағы персоналын даярлау, қайта даярлау және біліктiлiгiн арттыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

____________________________________________________________________
 N |Бағ.|Кiшi |   Кіші    |   Бағдарламаны   | Іске  |   Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.|    іске асыру    | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. |  лардың   |    жөніндегі     |мерзімі|
ны |коды|лама |  атауы    |    іс-шаралар    |       |
   |    |коды |           |                  |       |
____________________________________________________________________
 1 |  2 |  3  |     4     |         5        |   6   |      7
____________________________________________________________________
1   007       Дипломатия-  Бекiтілген жоспарға  жыл   Қазақстан
              лық қызмет   сәйкес тақырыптық    iшiн- Республикасы-
              органдары    лекциялар, тәжiри-   де    ның Сыртқы
              үшiн мемле-  белiк және семинар-        iстер
              кеттiк       лық сабақтар,              министрлігі
              қызметшiлер- сынақтар мен
              дi қайта     емтихандар өткізу.
              даярлау      Дипломатиялық акаде-
                           мияда өндiрiстен қол
                           үзiп оқитын тыңдау-
                           шылардың орташа
                           жылдық саны - 30
                           тыңдаушыға дейiн.
____________________________________________________________________

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: сыртқы саясат қатынастары саласындағы мамандардың деңгейi мен біліктiлiгiн көтеру, кәсiби даярланған және өздерiне жүктелген функцияларды тиiмдi орындап жүрген қызметкерлер қатарын өсiру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

70-ҚОСЫМША (өте құпия)

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

71-қосымша

 

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

 

2005 жылға арналған

"Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн

орналастыру үшiн шетелде жылжымайтын мүлiк

объектілерін сатып алу және салу"

деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1385438 мың теңге (бір миллиард үш жүз сексен бес миллион төрт жүз отыз сегiз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексi, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ереженi бекіту туралы" № 1287 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 19 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдердегi мекемелерiнiң жылжымайтын мүлiк объектілерін сатып алуы және жалға алуы, үй-жайлары мен ғимараттарының күрделi құрылысы мен жөндеуi туралы" № 1144 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға орта мерзiмдiк жоспары туралы" № 917 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi туралы" № 1118 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерi мен дипломатиялық қызмет персоналдарын меншiктегi әкiмшiлiк және тұрғын үйге бағытталған ғимараттарда орналастыру.