«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қаңтардағы № 15 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қаңтардағы № 15 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 242 Қаулысымен күші жойылды

 

Сақтандыру рыногында актуарлық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 249 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2462 тіркелген, 2003 жылғы 25 тамызда - 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» № 18/2003 басылымдарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру ережесінде:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Сақтандыру ұйымдары зейнетақы аннуитеті шарты бойынша болашақ сақтандыру төлемдерінің ағымдағы құн факторын есептеген кезде осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген осындай көрсеткіштерден аспайтын өлім көрсеткіштерін пайдаланады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.