Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг
берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негiзгi
құралдар тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 сәуірдегі № 475 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 707; 30.07.04 ж. № 809
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 2 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негізгі құралдар тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының