Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 445 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 119-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті (В.А.Сәтқалиева) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында оның кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Дунаев |
Қаржы министрінің
2004 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 445 бұйрығымен
бекітілді
Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі - Бюджет кодексі) сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттерді атқаруды бюджеттік есепке алуды жүргізудің тәртібін анықтайды.
Бюджеттік атқару жөніндегі уәкілетті органдар осы Ережеге сәйкес бюджеттік есепке алуды жүргізуді жүзеге асырады.
Бюджеттік есепке алу - бюджеттік операциялар туралы ақшалай түрдегi ақпаратты жинаудың, тiркеудiң және қорытындылаудың олардың үздiксiз құжаттық есебiн жүргiзу арқылы реттелген жүйесi.
Бюджеттік есепке алу кассалық негізде жүзеге асырылатын бюджеттерді атқаруды бухгалтерлік есепке алу болып табылады, бұл жағдайда операциялар шоттардың жоспарына сәйкес шоттарда қос жазу тәсілімен көрсетіледі.
Бюджеттік есепке алу республикалық және жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақша бақылау шотында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ақша қаражатын қаржыландырумен және оның қозғалысымен байланысты барлық операцияларды қамтиды және оны атқару барысында бюджеттің жәй-күйін сипаттауды қамтамасыз етеді.