«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2005 ж. 25 наурыз) (күші жойылды)

Жоба

 

Қазақстан Республикасының
Заңы

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру

мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Үкіметінің 2005.25.03. № 268 қаулысымен Заңның жобасы ҚР Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлді

 

Қабылданды - 2006 жылғы 7 шілдедегі № 183-III ҚР Заңын қара

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 ж. 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат):

1) мәтiн бойынша «барлық меншік нысанындағы» деген сөздер «меншiк нысанына қарамастан» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 2-баптың 2-тармағындағы «жергiлiкті өзін-өзі басқару органдарына,»деген сөздер алынып тасталсын;

3) 4-бапта:

екiншi бөлік «жергілiктi өзiн-өзi басқару органдарына,»деген сөздер алынып тасталсын, «өзін-өзі басқару органдары,»деген сөздерден кейін «меншік нысанына қарамастан» деген сөздермен толықтырылсын;

төртiншi бөлiк алынып тасталсын;

4) 5-баптың бірiншi бөлігінде «жергілiктi өзiн-өзi басқару органдарына,»деген сөздер алынып тасталсын;

5) 10-бапта:

екiншi бөлік алынып тасталсын;

төртінші бөліктегі «Азаматтық қорғаныстың басқару органдарымен» деген сөздер «төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық органдармен» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 16-баптың 1-тармағы біріншi бөлiгiнiң төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«меншік нысанына қарамастан ұйымдарда - азаматтық қорғаныс саласындағы мiндеттердi шешуге арнайы уәкілеттік берiлген, бірiншi басшыға тікелей бағынатын құрылымдық бөлiмшелер (жеке қызметкерлер).»;

7) 19-баптың бірiншi бөлiгін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«қалалар мен шаруашылық объектiлерiнiң санаттандырылу дәрежесiне қарай Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемi мен мазмұнын бекітеді;";

8) 20-баптың екiнші абзацындағы «әскери комиссариаттар» деген сөздер «жергiлiктi әскери басқару органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.