«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 3 ақпандағы № 23 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 3 ақпандағы № 23 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 Қаулысымен күші жойылды

 

Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есепті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1973 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2002 жылғы 9-22 қыркүйекте жарияланған) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі № 326 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2519 тіркелген) енгізілген өзгерістер және толықтырулармен бірге, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

1-тарауда:

7-тармақта:

1320 шоттар тобының атауында «заемдар» деген сөзден кейін «және қаржы лизингі» деген сөздермен толықтырылсын;

«1455» деген шот тобының нөмірі «1458» деген нөмірмен ауыстырылсын;

1320 шоттар тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар және қаржы лизингтері»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.