2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 Қаулысына 352-355-қосымшалар) (2005.25.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Соттарды жоғарғы біліктi мамандармен қамтамасыз ету, судьялар мен сот жүйесi қызметкерлерiнiң кәсiптiк біліктiлiгін арттыру.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

1354 қаулысына

355-қосымша

 

501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

 

2005 жылға арналған

"Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету"

деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 130000 мың теңге (бip жүз отыз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 25-бабы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегі № 440 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының судьяларды республикалық бюджет қаражатының есебiнен тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі кепiлдiгiн орындау.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

____________________________________________________________________
 № |Бағ.|Кiшi |   Кіші    |   Бағдарламаны   | Іске  |   Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.|    іске асыру    | асыру | орындаушылар
   |лама|дар. |  лардың   |    жөніндегі     |мерзімі|
   |коды|лама |  атауы    |    іс-шаралар    |       |
   |    |коды |           |                  |       |
____________________________________________________________________
 1 |  2 |  3  |     4     |         5        |   6   |      7
____________________________________________________________________
 1  004        Судьяларды  Жергіліктi сот-     жыл    Қазақстан
               тұрғын үй-  тардың судьялары    бойы   Республикасы
               мен қамта-  үшiн 54 бiрлiк             Жоғарғы
               масыз ету   мөлшерiнде пәтер           Сотының
                           сатып алу.                 жанындағы Сот
                                                      әкiмшiлiгi
                                                      жөніндегі
                                                      комитет,
                                                      облыстардағы,
                                                      Астана мен
                                                      Алматы
                                                      қалаларындағы
                                                      әкiмшiлер
____________________________________________________________________

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Шаралар судьяларға сот төрелiгiн сапалы, тәуелсіз әрі толық атқару үшін жағдай жасауға мүмкiндiк береді.

 

ҚР Үкіметінің 2005.21.04.  № 372 Қаулысымен 355-1-қосымшамен толықтырылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

1354 қаулысына

355-1-қосымша

 

501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

 

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

 

005 "Жекелеген негiздер бойынша республикалық меншікке

түскен мүлiктi бағалау, сақтау және сатуды жүргізу"

республикалық бюджеттік бағдарламасының

2005 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 82 581 мың теңге (сексен екі миллион бес жүз сексен бiр мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi № 833 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi сатудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуiн қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке түскен мүлікті сақтауға, тасымалдауға, бағалауға, сертификаттау және санитарлық-эпидемиологиялық сараптау жүргізуге, жөнелтуге, сатуға, жоюға және одан әрі пайдалануға байланысты қызметтерге уәкілетті органның ақы төлеуі.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

____________________________________________________________________
Р/с|Бағ.|Кiшi |Бағдарлама.|   Бағдарламаны   | Іске  |   Жауапты
 № |дар.|бағ. |ның (кіші  |(кіші бағдарлама. | асыру | орындаушылар
   |лама|дар. |бағдарлама.|лардың) іске асыру|мерзім.|
   |коды|лама |  лардың   |    жөніндегі     | дері  |
   |    |коды |  атауы    |    іс-шаралар    |       |
____________________________________________________________________
 1 |  2 |  3  |     4     |         5        |   6   |      7
____________________________________________________________________
 1  005        Жекелеген   Жекелеген негiздер  Жыл    Қазақстан
               негiздер    бойынша республика- iшiнде Республикасы
               бойынша     лық меншiкке түскен        Жоғарғы Соты
               республи-   мүлiктi сақтаумен,         жанындағы Сот
               калық мен-  тасымалдаумен, ба-         әкiмшiлiгi
               шiкке түс-  ғалауға, сертифи-          комитетi және
               кен мүлiктi каттау және сани-          облыстардағы,
               бағалау,    тарлық-эпидемиоло-         Астана,
               сақтау және гиялық сараптау            Алматы қала-
               сату        жүргiзуге, жөнел-          ларындағы
                           туге, сатуға, жоюға        әкiмшiлер
                           және одан әрi пай-
                           далануға байланысты
                           қызметтерге, сон-
                           дай-ақ басқа да
                           қызметтерге ақы
                           төлеу
____________________________________________________________________

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке түскен мүлiктi сатудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуi.