"Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) оңайлатылған тәртіппен бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 80-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 62-НҚ Бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) оңайлатылған тәртіппен бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 80-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 22 сәуірде № 2237 нөмірмен тіркелген, "Ресми газет" газетінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 20 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) оңайлатылған тәртіппен бекіту ережесінде:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ереже табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекітудің оңайлатылған тәртібін айқындайды (бұдан әрі - оңайлатылған тәртіп).
3. Реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) оңайлатылған тәртіппен бекіту:
1) меншік нысанына қарамастан жаңадан құрылған табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына);