“Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердiң орындалуы жөнiнде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнiнде" 2004 жылғы 27 қарашадағы № 335 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы № 36 Қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 87 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердiң орындалуы жөнiнде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнiнде" 2004 жылғы 27 қарашадағы № 335 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3351 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердiң орындалуы жөнiнде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
3-тармақта: