«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне соттарда қаралатын істердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2005 ж. 31 наурыз) (күші жойылды)

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерiне соттарда қаралатын iстердiң аражігін
ажырату мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу турал

 

ҚР Үкіметінің  2005 ж. 31 наурыздағы № 292 Қаулысымен Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлді

 

Қабылданды - 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-III ҚР Заңын қара

 

Қазақстан Республикасының төмендегі заң актілерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:

1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар):

1) 50-баптың бірiншi бөлiгі мынадай мазмұндағы 8), 9) тармақтармен толықтырылсын:

«8) тиiстi сараптама жүргiзу;

9) осы кодекстің 55-тарауында көзделген тәртiппен құқықтық көмек алуға байланысты іс жүргізу әрекеттерін жүргізу қажет болған жағдайда сот iс бойынша басты сот талқылауын дәлелдi қаулысымен тоқтата тұруы мүмкiн.»;

2) 70-баптың екiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Адвокаттың қорғаушы ретiнде қатысуына жол беріледi. Адвокатпен қатар сезiктiнiң және айыпталушының құқықтары мен мүдделерін қорғауға айыпталушының жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе заңды өкiлдерiне, өз бірлестіктерi мүшелерінің iстерi бойынша кәсiподақтың және басқа да қоғамдық бірлестiктердiң өкілдеріне қорғаушы ретiнде қатысуға жол беріледi. Шетелдiк адвокаттарға, егер ол Қазақстан Республикасының тиiсті мемлекетпен халықаралық шартында өзара негiзде көзделсе, заңдарда белгiленген тәртіппен iске қорғаушы ретiнде қатысуға жол берiледi.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.