Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің м.а.
2004 ж. 7 тамыздағы № 671 бұйрығымен бекітілді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ
МАГИСТРАТУРА
МАМАНДЫҒЫ 6N0303 - ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ
Ресми басылым
Енгізу күні 2004.09.01
1 Қолдану саласы
Осы стандарт ҚР БЖММС 4.001-2004 негізінде дайындалған және магистранттар дайындау деңгейі мен білім беру мазмұнының мемлекеттік міндетті минимум талаптарын белгілейді.
Стандарт ережесі олардың ведомстволық бағыныштылығы, құқықтық ұйымдастыру нысаны мен оқыту нысанына қарамастан, көрсетілген мамандық бойынша магистрлер дайындауды іске асырушы, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында қолдану және сақталуға міндетті.
Стандартты сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары, оқу орындарын аттестаттау және лицензиялау жөніндегі комиссия, оқу-әдістемелік бірлестіктер, тапсырушылар және жұмыс берушілер пайдалануы мүмкін және магистрлер дайындаудың сапасын сараптауға, біліктілік сипаттарды, оқыту жоспарлары мен бағдарламаларын дайындауда, ЖОО магистрлер дайындаудың нақты мамандығы бойынша оқытуды жетілдіру немесе тоқтату жөнінде ұсынымдар дайындауға негіз болады.
Осы стандартта төмендегідей нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы.
ҚР БЖММС 5.03.002-2004 Магистратура. Негізгі ережелер.
ҚР ПР 40.1.01-2000 - ҚР Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі. Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының жалпы талаптары, өзгерістері, ресімделуі, мазмұны және белгіленуі.
3 Анықтамалар және қысқартулар
Осы стандартта Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкес терминдер, анықтаулар және қысқартулар қолданылады.
Сонымен қатар келесі анықтауларда пайдаланылады:
несие - магистрант оқу жұмысы көлемінің бірыңғай бірлік өлшемі. Бір несие аптадағы жалпы оқу жүктемесінің 1 академиялық сағатына тең, оның
ішінде аудиториялық жұмыс 2 сағат - магистранттың өздігімен жұмысы.