2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2004.22.12. № 1354 Қаулысына 85-125 қосымшалар) (2005.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2       004   Сыртқы       Лабораторияларға     Жыл   Қазақстан
              қарыздар     жабдықтар сатып алу, бой-  Республикасы-
              есебiнен     инженерлiк-құрылыс-  ында  ның Ауыл
              жобаны       тық жұмыстарды             шаруашылығы
              iске асыру   жобалау                    министрлігі

3       016   Жобаны       Операциялық шығыс-   Жыл   Қазақстан
              республи-    тарға ақы төлеуді    бой-  Республикасы-
              калық        қоса алғанда, жобаны ында  ның Ауыл
              бюджеттен    icкe асыру үшін саны       шаруашылығы
              сыртқы       18 адам жергілікті         министрлігі
              қарыздарды   консультанттардың
              бірлесiп     қызметтерін
              қаржыландыру сатып алу.
              есебiнен     Тауарларды, жұмыс-
              iске асыру   тарды және қызметтерді
                           сатып алу жөнінде 

                           конкурстар өткізу 

                           туралы хабарлан-

                           дыруларға ақы төлеу.

                           Қарыз бергені үшін 

                           Дүниeжүзілік Банкке 

                           біржолғы комиссия-

                           лық алым төлеу.

                           Офис жабдығын 

                           сатып алу.

                           Ақпараттық семинарлар 

                           өткізу.

                           Білім тарату жүйесін 

                           құру.

____________________________________________________________________

 

ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 509д қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда

7. Күтілетін нәтижелер: 18 консультант тарта отырып, жобаның үйлестіру орталығы құрылатын, бастапқыда 30 консультант тарта отырып, білім беру және тарату жүйесі құрылатын болады.

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

123-қосымша

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен алып тасталды

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

124-қосымша

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

 

2005 жылға арналған

"Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес"

деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 2528 мың теңге (екi миллион бес жүз жиырма сегiз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы; "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң бағдарламасы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 411 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң ары қарай таралуына тиiмдi мемлекеттік және қоғамдық қарсы әрекеттiң толық ауқымды жүйесiн қалыптастыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: экологиялық қауiпсіз гербицидтердi қолдану негiзiнде жабайы өсетiн арамсораға қарсы күрестiң бірiктiрiлген тәсiлдерiн жетiлдiру;

Шу аңғарының Мойынқұм құмындағы жабайы өсетiн арамсора өскен тозған жайылымдарды қалпына келтiрудiң фитомелиоративтiк экологиялық таза технологияның әдiсiн әзiрлеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.

____________________________________________________________________
 N |Бағ.|Кiшi |   Кіші    |   Бағдарламаны   | Іске  |   Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.|    іске асыру    | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. |  лардың   |    жөніндегі     |мерзімі|
ны |коды|лама |  атауы    |    іс-шаралар    |       |
   |    |коды |           |                  |       |
____________________________________________________________________
 1 |  2 |  3  |     4     |         5        |   6   |      7
____________________________________________________________________
1   104       Нашақорлық-  Жабайы өсетін        Жыл   Қазақстан
              қа және      арамсора күрес       бой-  Республикасы-
              есiрткi биз- жөнiндегі топ        ында  ның Ауыл
              несіне қарсы үшін экспедиция-           шаруашылығы
              күpec        лық жабдықтар мен          министрлігі
                           жарақтарды сатып
                           алу;
                           УАЗ автокөлігін
                           жалға алу.
____________________________________________________________________

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: топырақты механикалық өңдеудiң орнына экологиялық қауiпсіз гербицидтердi қолдану негiзiнде жабайы өсетiн сорамен күрестiң бірiктiрiлген тәсiлдерiн жетiлдiру;

фитомелиоративтiк экологиялық таза технологиясының әзiрленген әдiстемесi арқылы Шу аңғарының Мойынқұм құмындағы жабайы өсетiн сора басып кеткен тозған жайылымдарды қалпына келтіру.

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

125-қосымша

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

 

2005 жылға арналған

"Өсiмдiктер мен жануарлардың гендiк

ресурстарының ұлттық қоймасын салу"

деген 743 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 200270 мың теңге (екi жүз миллион екі жүз жетпiс мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 жарлығы, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта "2005-2007 жылдарға арналған мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен жануарларының гендік қорының сақталуын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Өсiмдiктер мен жануарлардың генетикалық ресурстары ұлттық қоймасының орталық блогының құрылысын салуды жобалау.

ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 509д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.

____________________________________________________________________
 N |Бағ.|Кiшi |   Кіші    |   Бағдарламаны   | Іске  |   Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.|    іске асыру    | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. |  лардың   |    жөніндегі     |мерзімі|
ны |коды|лама |  атауы    |    іс-шаралар    |       |
   |    |коды |           |                  |       |
____________________________________________________________________
 1 |  2 |  3  |     4     |         5        |   6   |      7
____________________________________________________________________
1   743       Өсiмдiктер   Кешендiк инженер-    Жыл   Қазақстан
              мен жануар-  лiк-геодезиялық      бой-  Республикасы-
              лардың       iздестiру жүргiзу;   ында  ның Ауыл
              гендiк       Өсiмдiктер мен             шаруашылығы
              ресурстары-  жануарлардың               министрлігі
              ның ұлттық   генетикалық
              қоймасын     ресурстары ұлттық
              салу         қоймасының

                           негізгі, тұрғын 

                           үй-өндірістік корпус-

                           тарын, өндірістік цехын, 

                           санитарлық-өткізу 

                           пунктін, қоймасын, 

                           гаражы мен шебер-

                           ханаларын, қазандығын, 

                           сорғысын, энергия 

                           блогын, бақылау-

                           өткізу пунктін, 

                           жылыжай-көшет-

                           хана кешенін

                           салу үшiн
                           жобалау-смета құжат-
                           тамасын әзiрлеу;
                           әзірленген

                           жобалау-смета құжат-
                           тамасын мемлекеттік
                           сараптамадан өткi-
                           зудi жүргiзу.
___________________________________________________________________

 

ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 509д қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда

7. Күтілетін нәтижелер: Өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық ресурстары ұлттық қоймасының негізгі, тұрғын үй-өндірістік корпустарын, өндірістік цехын, санитарлық-өткізу пунктін, қоймасын, гаражы мен шеберханаларын, қазандығын, сорғысын, энергия блогын, бақылау-өткізу пунктін, жылыжай-көшетхана кешенін салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленетін, әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы жүргізілетін болады.