Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1216-нөмiрмен тiркелген
"Мектепке дейiнгi және жалпы білім беретiн білім беру ұйымдарының
қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10
шiлдедегi № 708 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрінің
2003 жылғы 6 қарашадағы № 729 бұйрығы
Осы редакция Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң 2005.10.03. № 145 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақ-түрiк лицейлерiнде білім алушылардың құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту, қазақ-түрiк лицейлерiнде оқу-тәрбие процесiн жетiлдiру және оқыту сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мектепке дейiнгi және жалпы білім беретiн білім беру ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шiлдедегi № 708 бұйрығына (1216 - нөмiрмен тiркелген, 2000 жылғы қыркүйектегi "Шығармашылық педагогика" журналының № 4 санында жарияланған; 1632 нөмiрмен тiркелген, 2001 жылғы 20 шiлдедегi № 595 бұйрығына толықтырулар енгiзiлген; 2053 нөмiрмен тiркелген, 2002 жылғы 3 қазандағы № 713 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы интернаттық ұйымдардың қызметiн ұйымдастыру тәртібі туралы ережесiнде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) қазақ-түрiк лицейi жанындағы интернат - қазақ-түрiк лицейi орналасқан жерiнен тыс тұратын балаларға жататын орын бере отырып, тереңдете, элиталық білім алу құқығын iске асыруды қамтамасыз ететiн орта білім беру жүйесi ұйымының құрылымдық бөлiмшесi.";
9-тармақ "4) тармақшада көрсетiлген" деген сөздерден кейiн "және 6)" деген сөзбен толықтырылсын;