«Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы № 70-НҚ бұйрығы (2011.09.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы № 70-НҚ бұйрығы

(2011.09.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 216-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.05.02 № 30-НҚ бұйрығымен кіріспе  өзгертілді (бұр. ред. қара

«Табиғи монополиялар  және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің  21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесі бекітілсін.

2. «Табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 4 мамырдағы № 121-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2325 нөмірмен тіркелген, «Ресми газетте 2003 жылғы 14 маусымда № 24 (129)» жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.