Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі
әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында
кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
"Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қатарынан запасқа шығарылсын.