Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген
мерзiмдi әскери қызметтегі әскери қызметшiлердi
запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын
2005 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында
кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 7 сәуірдегі № 311 Қаулысымен Жарлықтың жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлді
"Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшілер 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің iшкi әскерлерi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетінің Шекара қызметi, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қатарынан запасқа шығарылсын.