Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге импортталатын
қауiптегi ықтимал өнiмдердi гигиеналық бағалау кезiндегi өзара iс-қимылдың
тәртібі туралы келісім
(Шолпан-Ата қ., 2004 жылғы 16 сәуiр)
ҚР Үкіметінің 2004.10.12. № 1298 қаулысымен бекітілді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Үкіметі,
белгілi бiр жағдайларда өзінiң гигиеналық сипаттамасы (өлшемдерi) бойынша тұтынушының өмiрi мен денсаулығы және оның тiршілік ету ортасы үшiн нақты қауiп төндiруi мүмкiн қауіптілiгi ықтимал өнiмдердi гигиеналық бағалау саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын тани отырып,
белгiленген санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға және Тараптар мемлекеттерi халқының денсаулығын сақтау талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдердiң тұтыну рыногына жеткiзілуiнiң алдын алу мақсатында сауданы бұдан әрi ырықтандыруға ұмтыла отырып және оның халықаралық сауда саласындағы халықаралық келісімдердiң шеңберiнде дамуы үшiн жасанды кедергілердiң пайда болуына жол бермеу қажеттігiн ескере келе, стандартталған жабдықтың бiрыңғай әдiстерiн пайдалана отырып, өзара байланысты және өзара танымды өнiмдердiң қауiпсiздiгiн мемлекеттік қадағалау мен бақылаудың ұлттық жүйесi шеңберiндегi жұмыстарды жүзеге асыру қажеттiгіне орай,
қандай да бiр өнiм түрлерiне мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерi қоятын нормативтiк талаптар мен өнiмдердiң қауiпсiздiк көрсеткiштерiнiң үйлесуiн қамтамасыз ету жөнiндегі жұмысты жалғастыра отырып,
осы Келісімнiң ережелерi Тараптардың мемлекеттерi дайындайтын өнiмге қолданылатындығын көңілге ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келісiмнiң мақсаттары үшiн төменде келтiрiлген терминдердiң мынадай мағынасы бар: