Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (Жоба) (2005 ж. 14 сәуір)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
 
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
актілеріне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

 

ҚР Үкіметінің 2005.14.04   № 351 Қаулысымен  Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлдi

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2001 ж., № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; 2004 ж., № 27, 344-құжат):

жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

"Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң аппараты" деген жолда "22" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын;

"Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң аппараты" деген жолда "31" деген сандар "61" деген сандармен ауыстырылсын;

жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымшада:

"Облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы әкiмшiлер" деген жолда "2045" деген сандар "2335" деген сандармен ауыстырылсын;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тiзілiмi мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптiк жаза қолдану тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтілген Мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзілiмiнде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.