Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 4 қыркүйектегi № 901 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 346 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 563 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Мемлекеттік күзетілуi тиiс объектілердiң қауіпсiздiгін қамтамасыз етудiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 36, 364-құжат мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Мемлекеттік күзетілуi тиiс объектілер белгілеу ережесiнде:
7-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) Қазақстан Даму Банкi» акционерлік қоғамы;»;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетілуi тиiс объектілерiнiң тізбесiнде:
«Аса маңызды мемлекеттік объектілер» деген I бөлiм мынадай мазмұндағы 8-бөлiмшемен толықтырылсын: