Рұқсат етемін ______________________ Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
Күні _____________
15 - 31-қосымшалар. ҚР Үкіметінің 2019.11.04. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
32-қосымша

Ескертпе:
1. Қағаз форматы А5 (А6) көлемі 148 x 210 мм(105x148);
2. Жиектері кемінде: сол жағы 10 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
33-қосымша

Ескертпе:
1. Қағаз форматы А5 (А6) көлемі 148 x 210 мм(105x148);
2. Жиектері кемінде: сол жағы 10 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
34-қосымша

Ескертпе:
1. Қағаз форматы А5 (А6) көлемі 148 x 210 мм(105x148);
2. Жиектері кемінде: сол жағы 10 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
35-қосымша

Ескертпе:
1. Қағаз форматы А5 (А6) көлемі 148 x 210 мм(105x148);
2. Жиектері кемінде: сол жағы 10 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.
36-қосымша. ҚР Үкіметінің 2019.11.04. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 31 қаңтардағы
№ 168 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Нұсқаулық «Қызмет бабында пайдалану үшiн» белгісімен. Деректер базасына енгізілмейді
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен нұсқаулық өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.28.06. № 643 Қаулысымен нұсқаулық алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде есептеу техникасы құралдарын қолдану
арқылы іс жүргізу жөніндегi
НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 31 қаңтардағы
№ 168 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы
органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулық
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентi (бұдан әрі - Президент), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі (бұдан әрі - Премьер-Министр) және Қазақстан Республикасы Yкiметi (бұдан әрі - Yкiмет) актілерiнің, Президенттің, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Президент Әкiмшiлiгi (бұдан әрі - Президент Әкiмшiлiгi) басшылығының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі - Кеңсе) Басшысының, оның орынбасарларының тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің (бұдан әрі - Қауіпсіздік Кеңесі) және Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі - Ассамблея) шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың, депутаттар бастама жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру туралы Парламент палаталары (бұдан әрі - Парламент палаталары) өтiнiштерінің, Парламент депутаттары сауалдарының орындалуын бақылауды ұйымдастыруды регламенттейдi.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен; 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Премьер-Министрдің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламентіне сәйкес бақылаудағы құжаттардың орындалуын бақылау жөнінде ұйымдастыру және таңдау жұмысын жүзеге асырады, орындаушылық тәртібінің жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне жүйелі түрде хабарлап отырады.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300; 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Кеңседе бақылау жұмысын үйлестіруді БҚҚБ жүзеге асырады, ол соның ішінде құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары бойынша:
1) Президенттің, Премьер-Министрдің және Үкіметтің актілерін не актілерінің тармақтарын;
2) өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, Президент мәлімдемелерінің (үндеулерінің), жұмыс кеңестерінің, Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Президент басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген Президенттің тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын;
3) Президенттің жеке тапсырмаларын, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын;
4) құжаттың қағаздағы жеткізгіштерінде «Бақылауға алынды» деген мөртабан немесе электрондық карточкасында бақылау мәртебесі туралы белгі болған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің қызметтік және өзге құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын;
5) Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын;
6) Үкімет отырыстарының, Премьер-Министрдегі, оның орынбасарларындағы, Кеңсе Басшысындағы кеңестердің хаттамаларын;
7) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар берілген Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысы мен оның орынбасарларының, оның ішінде халықаралық, сондай-ақ өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша тапсырмаларын;
8) орындалу мерзімі көрсетілген немесе «өте шұғыл», «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілері бар, бақылауға алынғаны көрсетілген Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының Премьер-Министр Кеңсесіне, Кеңсе Басшысының (оның міндетін орындаушы адамның) атына жолданған тапсырмаларын;
9) Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын;
10) Парламент депутаттарының сауалдарын, депутаттар бастама жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытынды беруін өтінген Парламент палаталарының өтініштерін;
11) прокурорлық қадағалау актілерін;
12) Конституциялық Кеңестің сұрау салуларын, нормативтік қаулылары мен жолдауларын;
13) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сұрау салуларын, қаулыларын бақылауға алады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен; 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Бақылаудағы құжаттар олардың орындалуын бақылау үшін Кеңсе Басшысы бекіткен осы бөлімшелер мен олардың функционалдық міндеттері туралы ережелерге сәйкес немесе Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының (бұдан әрі - Басшылық) тапсырмаларына сәйкес Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне бекітіп беріледі.
Қандай да болмасын іс-шаралар жоспарын бекітетін Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің орындалуын бақылау, тұтастай алғанда, осы қаулыны немесе өкімді орындаушыға (қаулы немесе өкім жобасының Кеңседе өтуі үшін жауап беретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне) жүктеледі.
Бір бөлімнен екінші бөлімге бақылаудағы құжаттарды беру Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті құрылымдық бөлімшесімен келісу бойынша құжаттар бөлімге түскен кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Құрылымдық бөлімшелер арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, бір бөлімнен екінші бөлімге бақылаудағы құжаттарды беру бөлімге түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Кеңсе Басшысының қарары негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте ЭҚАБЖ дерекқоры бойынша жауапты құрылымдық бөлімшеге жіберілген бақылаудағы құжат («ҚБП» белгісі бар құжаттарды қоспағанда) 1 (бір) жұмыс күні ішінде аталған құжатты тікелей орындауды жүзеге асыратын жауапты орындаушыға (орындаушыларға) берілуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары осы бөлімшеге бекітілген әрбір бақылаудағы құжатқа тұтас құжаттың не оның жекелеген тармақтарының орындалуын бақылау оған жүктелетін бөлімшенің қызметкерін (бұдан әрі - орындаушы) айқындайды.
Құрылымдық бөлімшелерде бақылаудағы құжаттардың орындалуын үйлестіруді құрылымдық бөлімшенің тиісті басшысы не оның бақылауға жауап беретін орынбасары жүзеге асырады. Аталған лауазымды адам осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген, құрылымдық бөлімшеде орындалып жатқан бақылаудағы тапсырмалардың күн сайынғы мониторингін жүргізуге және құрылымдық бөлімше басшысын уақтылы хабардар етуге міндетті.
6. Бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылауды Кеңсенің бақылаудағы нақты құжаттар оған бекітіп берілген құрылымдық бөлімшесі мен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторы (бұдан әрі - бақылау секторы) жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 7-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Егер бақылаудағы құжаттарда (Президенттің актілері мен тапсырмаларынан, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардан басқа) нақты орындалу мерзімі көрсетілмесе, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары болмаса, онда мұндай құжаттар келіп түскен күнінен бастап бір ай мерзімде, ал «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» деген белгісі болған кезде - 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалады.
Бақылаудағы құжаттардың тізбесі мемлекеттік органдарға «Мемлекеттік органдардың интранет-порталы» ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары, егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі апта мерзімнен асырылмай орындалуға жатады.
Егер Премьер-Министр өзгеше белгілемесе, Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі апта мерзімнен асырмай орындайды.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Президенттің және Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмаларын көрсетілген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы күні бұрын белгіленген мерзімге дейін бір күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырма берген лауазымды тұлғасының атына (не мемлекеттік орган басшысының қолы қойылып - Кеңсенің лауазымды тұлғасының атына), орындаудың ағымдағы жай-күйін, орындау мерзімін ұзарту не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, орындаудың нақты мерзімі, нақты жауапты саяси мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды және ұйымдардың жауапты лауазымды тұлғаларын міндетті түрде көрсете отырып хат жібереді.
ҚР Үкіметінің 2015.29.12. № 1119 Қаулысымен 7-2-тармақпен толықтырылды
7.2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының (оның міндеттерін атқарушы адамның) «назарға алынды» деген белгісі бар жоспарлы есептік ақпарат бойынша тапсырмалары бақылауға алынуға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен; 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Егер Кеңсе басшылығы тапсырманы бірнеше құрылымдық бөлімшеге берсе, онда орындалуын бақылау және үйлестіру жөніндегі жұмысты тапсырмада бірінші болып көрсетілген құрылымдық бөлімше не оның атауының жанында «(жинақтау)» немесе («жинақ») деген белгісі бар бөлімше жүзеге асырады.
Тапсырмаларды бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелер өздерінің ұсыныстарын жауап (тапсырма) жобасын қол қоюға беру мерзіміне дейін бір күннен кешіктірмей жинақтауды жүзеге асыратын бөлімшеге енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 9-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Егер бақылаудағы құжаттарда Премьер-Министр Кеңсесінің бірнеше құрылымдық бөлімшесінің құзыретіне жататын тапсырма болса, онда құжаттың орындалуын толығымен бақылау бекітіліп берілген құрылымдық бөлімше үш жұмыс күні ішінде нақты тармақтарын орындауды бекітіп беруді Премьер-Министр Кеңсесінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірге (әрбір тармақ бойынша Кеңсенің нақты құрылымдық бөлімшесіндегі орындаушы мен орындау күні көрсете отырып) жасайды және келіседі, оны Кеңсе Басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам бекітеді. Бекітілген бекітіп берудің көшірмелері тартылған құрылымдық бөлімшелерге, іс жүргізу және мұрағат секторына және бақылау секторына жіберіледі.