Лицензияның күшін тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2005 жылғы 26 наурыздағы № 93 бұйрығы
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес және Алматы қаласының Тұрксіб аудандық сотының 29.10.2004 ж. үкімінің негізінде лицензияны кері қайтарып алу туралы талап-арызына бастамашылық жасауға байланысты, бұйырамын:
1. Пазылжан Шәкірұлы Ряшевтың атына адвокаттық қызметпен айналысу құқығына Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 7 маусымдағы № 319 бұйрығымен берілген № 0003857 мемлекеттік лицензияның күші алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы қаласының әділет департаменті осы бұйрықты адвокат П.Ш. Ряшевтың, Алматы қаласының сот және құқық, қорғау органдарының назарына жеткізсін.